Persil Persil-Premium

Persil компаниясының тұрақты серіктестері

Танымал компаниялар мен танымал брендтер Persil брендіне ұзақ уақыт бойы қолдау көрсетіп келеді. Біз осы қолдау үшін өте қуаныштымыз және осы беттегі серіктес компаниялармен таныстырғымыз келеді.

Серіктестеріміз туралы қосымша ақпарат:
Bosch: www.bosch-home.com
Siemens: www.siemens-home-bsh-group.com
Lindner: www.lindner.de

Bosch арқылы киім- -кешекке күтім көрсету

75 жыл бойы Bosch брендтік атауы тұрмыстық техникалар саласында дамыту бойынша әлеуетін, техникалық сапасын және тұрақтылығын арттырып келді.

Bosch болмаса, киім-кешекке заманауи күтім көрсетуді елестету мүмкін болмас еді. Bosch жуу мен кептіру саласында 1000-нан астам патенті бар өнертабыс тұрғысынан жетекші бренд болып табылады. Bosch жетілдірген барлық техникалық инновациялардың әрдайым бір ортақ мақсаты бар: Қажетінше тиімді болу және қуатты үнемдеу. Осылайша Bosch әрдайым кір жууға қатысты керемет нәтижелермен қамтамасыз етеді.

Siemens инновациялары

Тұрмыста инновациялық функциялары бар жоғары сапалы технология мен қуаттың аз тұтынылуын үйлестіретін құрылғылар жақсы жұмыс істейді. Мұның барлығын Siemens компаниясының ең жақсы туындыларының арасынан таба аласыз. Мысалы, дақтарды қалай кетіруді білетін алғашқы кір жуғыш машина. Сыртқы/су өткізбейтін цикл бір уақытта жабынды маталарды жуып, су өткізбейтін қасиет береді. varioSoft барабаны өте тыныш жұмыс істеу үшін жұмсақ тазалау және дыбыс оқшаулауын қамтамасыз етеді. Ең жақсысы: әлемдегі алғашқы кептіргіш конденсаторындағы автоматты түрде өзін-өзі тазалау функциясының арқасында энергияны аз тұтынады.

Siemens дақтарға қарсы жүйесі

Шөп, қызанақ және қызыл шарап дақтары бірдей емес. Siemens дақтарға қарсы инновациялық жүйесінің арқасында, әрбір дақ жеке өңделеді.  Бұл үшін ең соңғы Siemens технологиясы әртүрлі дақ деңгейлері үшін интеллектуалды басқару бағдарламасы мен барабан қозғалыстарын бақылайды. Бұл талаптарға байланысты киім-кешектің жұмсақ немесе қарқынды түрде жуылатынын білдіреді. Арнайы пішінделген ассиметриялық төсемдері бар бірегей varioSoft барабанының құрылымы дақтарды кетіруге белсенді түрде қолдау көрсетеді. Бұл дақтарды оңай әрі арнайы қосымша жуғыш құралдарсыз кетіруге көмектеседі.

Lindner қонақ үйлері мен шипажайлары

Тартымды бизнес нысандары, тамаша сауықтыру шипажайлары немесе таңдаулы гольф және спорттық қонақ үйлер. Lindner қонақ үйлері мен шипажайлары қонақтарының талаптарына байланысты әртүрлі болып келеді. Қызмет - жылы шырайлы әрі қарапайым. Концепция - қалыптыдан инновацияға ауысу. Сапаға көп мән берілгендіктен, Германияның №1 жуғыш құралының да ерекше орны бар екеніне сенімді болуыңызға болады. Lindner қонақ үйіне тіркеліп, неге жақсы таңдау жасамасқа?!