Persil Persil-Premium

Persil тарихына шолу

1907 жылдан бері

1907 - Германияда алғашқы әмбебап кір жуатын ұнтақ, Persil жасалды

1907 жылы ""Henkel"" компаниясының химиктері кір жуудың үдерісін түбегейлі өзгертті. Олар екі құрамдас бөлікті - натрий силикатын және натрий перборатын біріктірді. Көйлек-көншекті қайнатқан кезде оттегінің көпіршігі көп бөлінді. Бұрын пайдаланылған хлордан айырмашылығы, құрал жағымсыз иіссіз жұмсақ ағартуды қамтамасыз етті. Оның үстіне - үй шаруасындағы әйелдер көйлек-көншекті тақтайға үйкелеп әуреленуден құтылды.

Осылайша, белсенді әсерге ие алғашқы кір жуатын ұнтақ - Persil пайда болды. Ұнтақтың атауы оның негізгі екі құрамдас бөлігінің - пербораттың және силикаттың атауының алғашқы екі буынынан құралған.

1922 - Ақ киімді әйел алғаш рет Persil жарнама науқанында пайда болды.

Бұл бейне бірнеше буынға таныс - Persil ұнтағының қаптамасын сол қолына ұстап келе жатқан аппақ қардай киінген әйел. Оны әйгілі берлиндік суретші және карикатурашы Курт Хайлингенштадт жасаған, оған 1922 жылы компания жарнамалық плакатты салуды тапсырған болатын.

Ақ киімді әйел - ойдан шығарылған персонаж емес. Түп бейнесі суретшінің 18 жасар жолдас қызы болатын. Хайлингенштадтпен бірге олар Александрплатцтегі дүкеннен ақ көйлекті сатып алады; одан кейін қыз кең етекті қалпақты киіп және ұнтақтың қаптамасын қолына ұстап сол қалпымен суретке бейнеленді. Содан бері оның кескінін барлық жерден - жарнама қалқандарында, плакаттарда, үйлердің төбесіне және көшедегі сағаттардың циферблатынан көруге болатын. Ондаған жылдар бойы Ақ киімді - өз бейнесін өзгертіп отыратын және сән бойынша киінетін әйел - Persil дің басты жарнамалық кескіні болып қалды.

1950 - Соғыс аяқталды, Persil қайта оралды

Барлығы да осы сәтті шыдамсыздана күткен тәрізді. Persil Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін дүкендерде қайта пайда болды, барлық қордың 75%-ы лезде сатып алынды. Көптеген адамдар үшін Persil қалыпты бейбіт өмірге қайта оралудың белгісі тәрізді еді.

1959 - Persil 59 - барлық уақыттағы ең үздік Persil

Германиядағы алғашқы аса қуатты синтетикалық ұнтақ та "Henkel" компаниясының арқасында пайда болды. Ұнтақ өзінің пайда болған жылының құрметіне Persil 59 деген атауға ие болды. Persil ұнтағының жаңа құрамдас бөліктері - оның бүкіл тарихының ішіндегі ең үздіктері - синтетикалық анионды беткі-белсенді заттар және таза иісті қоспа. Формуласы ғана өзгерген жоқ - қаптаманың дизайны да недәуір өңделді.

1965 - Persil 65 - бақыланатын көбік құрылымы, нәзік жуу

1969 жылы кір жуатын машиналар тұрмысқа шапшаң енді. Уақыттың көшінен қалмау үшін кір жууға арналған жаңа құралдарды ұсыну қажет болды. 1965 жылдың 1 қаңтарында Henkel компаниясы Persil 65 жаңа ұнтағын сатуға шығарды. Ұнтақтың ерекшелігі оның құрамына көбік құрайтын ингибиторлар енді, олар температура өзгерген кезде көбіктің құрылу үдерісін бақылауда ұстайтын - бұл машинамен кір жуудың аса маңызды шарты болып табылады.

1970 - Persil 70 - сөзсіз, "ең үздік."

Жаңа Persil 70 биобелсенді ұнтағының басты міндеті аса кірлеген жерлермен күресу болатын. Ұнтақ маталардың барлық түрлерінің талшықтарына тереңдей енді - өткен ғасырдың 70-ші жылдарында ең танымалдары синтетикалық ұнтақтар болатын. Жаңа қаптамадағы Persil 70 Германияда ғана емес, сонымен бірге көптеген басқа да елдердің дүкендерінде пайда болды.

1973 - Persil - сізге сенім сыйлайтын ұнтақ

"Henkel" компаниясы өнімнің формуласын тағы да жетілдірді. Алғаш рет ұнтақтың құрамына тоттанудың ингибиторлары енгізілді, олар кір жуатын машиналарды тоттан қорғау үшін арнайы қосылған. Өнімді жарнамалау үшін жаңа слоган жасалды, өнім осы арқылы әрқашан сатып алушылардың санасынан орын алады - "Persil - сізге сенім сыйлайтын ұнтақ".

1987 - Persil Liquid - ұнтақтарға балама

"Henkel" компаниясы Persil өнімінің жинағын тағы да кеңейтті. Бұл жолы ол жуғыш құралдардың қалыптасқан нарығында төңкеріс жасауға қабілетті кір жууға арналған Persil сұйық құралын ұсынды. Құрамында беткі-белсенді заттардың жоғары болуының арқасында кір жууға арналған жаңа сұйық құрал тіпті Цельсий бойынша 60 градусқа дейін төмен температурада дақтарды кетіретін күшті құралға айналды.

1990 - Persil Supra - Тазалықтың шоғырлануы

"Henkel" компаниясы үй шаруасындағы әйелдердің өмірін жеңілдетуін жалғастыруда. Persil Supra - бұл екі килограмдық қаптамаларда шығарылатын кір жуатын ұнтақ, бірақ ол құрамында жуғыш компоненттерінің мол шоғырлануының арқасында классикалық Persil кір жуатын ұнтағының үш килограмдық қаптамасы жұмсалатын кірлерді жууға да жетеді.  Persil Supra ұнтағы тиімді белсенді ингредиенттерді пайдаланудың есебінен тығыз және жеңіл құрамымен ерекшеленеді. Сонымен бірге, Persil Supra ұнтағының құрамына қоспалар енгізілмеген.

1991 - Persil Color – Түсті қорғау

Маталардың түрлері көбейіп келеді және ластанулардың түрлері де әр түрлі бола түсуде. Ағартушы ұнтақ бұдан былай оңтайлы шешім бола алмайды. Сондықтан Persil Color - түсті қорғауды қамтамасыз ететін алғашқы кір жуатын ұнтақ жасалды. Оның құрамына қарапайым немесе оптикалық ағартқыш енбейді. Оның орнына формуласына оңудың ингибиторы енгізілді. Енді боялған маталар ашық өңін ұзақ сақтайды және онымен бірге жуылатын басқа заттардың түсіне боялмайды.

1994 - Persil Megaperls® түйіршіктері ұнтақтың орнына

"Henkel" компаниясы бес жыл бойы белсенді компоненттердің жоғары деңгейде шоғырлануын қамтамасыз етудің тәсілін дайындады. Өндірістің революциялық технологиясы ірі жетістікке қол жеткізіп және ұнтақтың орнына түйіршіктерден тұратын, кір жууға арналған құралдардың жаңа буынының пайда болуына алып келді. Дәстүрлі ұнтақтың 290 миллилитрін кір жууға арналған жаңа құралдың 95 миллилитрімен ауыстыруға болады.

1998 - Persil Tabs: кір жуатын машинаға арналған таблеткалар

Ыңғайлылық - сиқырлы сөз. Тұтынушылар үшін кір жуудың үдерісін қалай барынша ыңғайлы және оңай етуге болады? "Henkel" компаниясы бұл міндеттің де шешімін тауып, таблеткалар түріндегі тиімділігі аса жоғары кір жуатын ұнтақты шығарды. Persil Tabs оңай танылуы үшін екі бөлікке - көгілдір және аққа бөлінген, нығыздалған тығыз ингредиенттерден тұрады. Мөлшерге бөлінген кір жуатын құралды кір жуатын машинаның кір жуатын ұнтаққа арналған бөліміне салып, кір жууды бастауға болады.

1999 - Persil Sensitive: терісі сезімтал адамдарға арналған

Терісі сезімтал және тері аллергиясынан зардап шегетін адамдарға арналған өнімді жасау үшін "Henkel" компаниясы немістің демікпелі және аллергиялық аурулармен күресу Қауымдастығымен күш біріктірді. Жаңа Persil Sensitive ұнтағы жоғары жуғыш қабілетке ие болып қана қоймай, сонымен бірге оны терінің барлық түрлері үшін қолдануға болады.

2000 - Persil-ді Ресейде өндірудің басталған жылы

Ресейде Persil ұнтағын неміс технологиясы бойынша шығару басталады және осы уақытта өнім Қазақстанда пайда болды. Белсенді био күшке ие жаңа Persil 40ºС-да киімнің шаңқан ақ болуын қамтамасыз етеді. Persil тұтынушылардың сенімін иеленіп және танымалдыққа ие болуда.

2002 - Persil Power Pearls - кір жуудың жаңа энергиясы!

Белсенді жуғыш компоненттерінің арқасында жаңа Persil Power Pearls 40ºС-да дақтарды тиімді түрде кетіреді. Persil жинағы түрлі-түсті киімдерді жуу үшін арнайы жасалған Color ұнтақтар топтамасының есебінен кеңейтілді. Сондай-ақ алғаш рет Ресей нарығында балалардың заттарын және терісі сезімтал адамдардың киімдерін жууға арналған Persil Sensitive ұнтағы пайда болды.

2003 - Гель Persil - ұнтақтарға балама

Алғаш рет Persil жинағында гель түріндегі кір жууға арналған құрал пайда болды. Қоюланған формуласының арқасында, 1,5л Persil гелі 3кг ұнтақ жұмсалатын кірді жууға жетеді. Сонымен бірге, гельді алдын ала өңдеу үшін тікелей даққа жағуға болады.

Persil Power Pearls  көз шағылыстыратын шаңқан аққа жол ашып береді!

Егер қиын дақтарды кетіру үшін Сізге көйлек-көншекті қайнатуға тура келсе, яғни Сіздің ұнтағыңыз шаңқан ақ болуға мүмкіндік бермейді. Оның жолын ашыңыз! Ағартушы жүйесі күшті Persil Power Pearls тіпті қиын дақтарды да ағартады. Persil – айқын ерекшелік!

2005 - Vernel-ден Persil Балғындығы - Сіз сезінетін тазалық

Киімнің сұр түске енуіне жол бермейтін арнайы формуласының арқасында, Persil ақ киімнің бұрынғысынан да ақ түске енуіне кепілдік береді. Vernel-ден жаңа Persil Балғындық өнімінің пайда болуы: керемет тазалығынан өзге, жаңа Persil киімге қайталанбас жұмсақтық пен жағымды хош иісті сыйлайды.

2006 - Жаңа Persil - үздік Persil!

Жаңа Persil Еуропаның ең ірі зерттеу орталықтарының бірінде - РОСТЕСТ-Мәскеуде сынақтан өткізілді. Ағартудың жоғары тиімділігі және қатты сіңген дақтардың өзін кетіруі РОСТЕСТ жоғары сапа Аттестатымен расталды.

2007 - Persil Gold күшін ашыңыз!

Тоттан, саусақ бояуларынан, мәтіндік маркерлерден және шашқа арналған бояулардан түскен ең қиын дақтарды жууға мүмкіндік беретін, бірегей формулаға ие жаңа Persil Gold кір жуатын ұнтағы іске қосылды. РОСТЕСТ жоғары сапа Аттестатымен марапатталған.

Persil Sensitive - дақтарға күшті, теріге нәзік!

Persil Sensitive формуласының құрамында, қаныққан қоспа және бояғыш заттар сияқты әлеуетті аллергендер жоқ. Persil Sensitive құралы РМҒА Балалардың Денсаулығы Ғылыми Орталығында сынақтан өткізілген және балалардың киімдерін (соның ішінде, аллергиялық белгілері барын) жууға ұсынылады.

2008 - Persil Gold Plus - тазалықтың жаңа өлшемі!

Аса тиімді Persil Gold Plus ұнтақтың және дақ кетіргіштің қасиеттерін бойына жинаған. Жаңа Persil Gold Plus - бұл өсімдік майынан, сиядан және қаражидек шырынынан түскен дақ сияқты тым қиын дақтардың өзін кетіруге арналған. РОСТЕСТ жоғары сапа Аттестатымен марапатталған.

2010 - Persil ScanSystem: болашаққа арналған кір жуатын ұнтақ - бүгіннің өзінде!

Persil ScanSystem - жаңа буынның кір жуатын ұнтағы. Онда ScanSystem жаңартпашыл технологиясы - дақтарды кетіретін зиялы жүйе пайдаланылған. ScanSystem киімнің бетіндегі дақтарды тауып және оларды ажыратады, одан кейін дақтардың осы түрімен барынша тиімді айналысатын компонентті қолданады. ScanSystem киіміңіз көз шағылыстыратын таза өңге енгенше дақтарды бірінен кейін бірін тауып, кетіре береді!

2011 - Persil Expert: Қиын дақтарға қарсы бұдан жақсы ұнтақ жоқ!

Henkel тиімділікті, ыңғайлылық пен қоршаған ортаға жағымды әсер етуді бойына үйлестірген үздік кір жуудың тұжырымдамасын ұсына отырып, Қазақстандағы тұтынушылардың алдындағы өзінің міндеттемесін кезекті рет орындады. Ұнтақтың формуласындағы дақ кетіргіштің жаңа капсулаларының және гельдің формуласындағы сұйық дақ кетіргіштің (энзим Пектат Лиаза) арқасында, жаңа Persil Expert тұтынушыларға керемет сапаны, жоғары тиімділікті ұсынады және, осы арқылы, кір жууды тамаша таза күйінде орындауға мүмкіндік береді.

2014 - Persil Expert Duo-Caps: мінсіз кір жуу үшін екі есе күш

Persil шығарған бірінші алдын-ала мөлшерленген екі камералы капсула ең ыңғайлы жолмен киімдердің мінсіз тазалығы үшін, дақтарды жоюшы  және жарқырату формуласы бар  сұйықтықтың құрамдастарымымен мінсіз қойылтылған жуғыш ерітіндіні ұсынады.